Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жетісайдағы өрттен зардап шеккен бір адам шұғыл түрде Шымкентке жеткізілді

12:41, 20 қараша 2025 62

Түркістан облысы, Жетісай ауданында болған өрттен зардап шеккен 1986 жылғы ер адамды шұғыл түрде Шымкентке жеткізді, деп хабарлайды  Alash.kz порталы.

Түркістан облысы ТЖД мәліметінше, авиамедициналық эвакуацияның қажеттілігі Жетісай ауданында шұғыл көмек көрсетуге арналған арнайы жабдықтардың шектеулі болуымен байланысты.

Ал Түркістан облыстық ауруханасы Шымкент қаласында орналасқан.

Тікұшақ науқасты гипербариялық оксигенация орталығына сәтті жеткізді. Қонғаннан кейін зардап шеккен адам дәрігерлерге тапсырылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар