Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жетімдер сияқты: Атырауда балабақшада аяғы ауыр тәрбиеші 2 жасар қызды аямай ұрған (ВИДЕО)

17:39, 19 тамыз 2024 1003

Атырау қаласында жантүршігерлік жағдай орын алды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Атырау қаласындағы Нұрсая көшесінде орналасқан "Жанбота" жекеменшік балабақшасында 2 жастағы бүлдіршіннің күтуші қолынан қатты таяқ жегені анықталды. Бұл туралы зардап шеккен қыздың анасы әлеуметтік желіде видео жариялап, қоғамнан көмек сұрады. 

"Нұрсаядағы Сұлтан Бейбарыс көшесінде орналасқан “Жанбота” бөбекжай балабақшасына қызымды бергеніме 3 күн болған. 13 тамыз түскі ас мезгілінде қараймын, қызым маңдайы көгерген, ауызы ісіп ұйықтап жатады,нянясы секіріп ойнап жүріп құлап қалды дейді.

Тәрбиеші шығып кетіп еді дейді. Тобында 35 бала айтатын нәрсе көп бірақ қызыма қатысты жайтты баяндаймын, бүткіл ата -анаға айтарым бар. Тәрбиешісі өз қызымен алысып жүреді жұрттың баласында шаруасы жоқ. 17-сі күні камерадан көріп шок күйге түсемін.

Қызым күні -түні жылайды, сол күні түнде құсады бірақ адаптация шығар деп мән бермедім, маңдайы қатты көгеріп бүгін рентген түсіріп, травмпункт бардым невропотолог жиберген.

Осындай жауапсыз мекемелерге, олардың тәрбиешілері мен күтушілеріне қатаң тексеріс жүргізілуі қажет, деді анасы. 

Шырылдаған ананың жан-айқайын Атырау қаласының қоғам белсендісі, блогер Рустем Баязиев баяндаған еді. Белсенді бұл жағдайды соңына дейін жеткізетінін айтып, тексерісті бастап кетті. 

Инстаграм әлеуметтік желісіне шыққан видео астына Атырау қалалық білім бөлімі оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. 

"Атырау қалалық білім бөлімі жазбаға сай төмендегідей ақпарат береді. Аталған балабақша Атырау қаласындағы жекеменшік-серіктестік аясында салынған мекеменің бірі. Қазіргі уақытта орын алған жағдайға байланысты балабақша әкімшілігінен түсіндірме жұмыстары алынып жатыр. Дүйсенбі күні, яғни ертең жұмыс күні қалалық білім бөлімі жанынан зерделеу жұмыс тобы құрылып, орын алған жағдайға орай қызметтік тексеріс тағайындалатын болады. Құрметті автор, балалардың құқығы қорғалмай отырған жағдай анықталған тұста тиісті шаралар алынып, барлық ақпарат өзіңізге жеке хабарланатын болады. Ал балалардың құқығын қорғау мақсатында осы мән-жайды мемлекеттік мекемелер анықтағанға дейін Сізден осы бейнежазбаны алып тастауыңызды сұраймыз. Бұл бейнетаспадағы кәмелетке толмаған балалар екендігін қаперіңізге береміз!",-деді білім басқармасы. 

Рустем Баязиев істің мән-жайын толық түсіндіріп, бүгін желіге видео жариялады. "Жанбота" балабақшасына баласын апаратын ата-аналар безек қағып, камера тексертуге барған кезде видеолардың өшірілгені белгілі болды. Автордың айтуынша, тағы да бірнеше бала тәрбиешілерден таяқ жеген. 

"Бала күтуші жүкті екен. Қатесін мойындамай отыр. Керісінше, зардап шеккен қыздың анасына қарсы шығып, видеодағы өзі емес екенін айтып, ақталуда",-деді Рустем Баязиев. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар