Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жетім қызды үйлеріне кіргізіп алып зорлаған". Ата-аналар жетім қызды қорлаған жасөспірімдерді мектептен қууды талап етті

09:28, 16 қазан 2025 280

Алматы облысы, Қарғалы ауылының ата-аналары мектеп оқушыларының азғындығын айтып, дабыл қақты. Бұл жайлы Alash.kz ұлттық порталы “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Олар бір топ жеткіншек 7-сыныпта оқитын қызды шешіндіріп, оны жалаңаш күйінде қорлаған видеосын әлеуметтік желіде сатқан деп отыр. Ол аздай, 12 жастағы нәзік жанға зәбір көрсеткендердің ішінде 4-ші сыныпқа енді өткен бала да бар көрінеді.

Жасөспірімдердің сұмдық әрекетіне наразы жұрт озбырлыққа барғандарды жазалап, мектептен қууды талап етіп жатыр. Қарғалыдағы төбе шашты тік тұрғызатын жайт қыркүйектің 21-і болды. 8 жасөспірім 7-сыныпта оқитын жетім қызды үйлеріне кіргізіп, шалбарын түгел шешіп қорлаған. Озбырлыққа барғандардың арасында бойжеткендер де, тіпті 9 жасар бала да жүрген дейді ата-аналар. Бір жеткіншек ұятсыз әрекетін жасап жатқанда екіншісі оны телефонға түсіргеніне көпшілік сенімді.

Кристина Олшевская, ата-ана:

- Жалаңаш қыздың үстіне бірінші сонда жүрген тағы бір қыз мінеді. Ол түскен соң орнына 9 жастағы ер бала бұтын шешіп, жәбірленушінің үстіне шығып алады. Зорлаған-зорламағаны белгісіз, видеода көрінбейді. Бұл сұмдықтың бәрін бір қыз түсіріп, кейін оны әлеуметтік желіде бәзбіреуге сатқан. 

Бибігүл Бегленова, ата-ана: 

- Ана қызды шешіндіріп, бүкіл жерін түсіріп сол кісіге жіберген. Негізі ол еркек Россиядан келген. Ол заказ беріп тұрған ол қызға. Заказ берген, анау қыз соны түсірген. Видеоларды сатқан сосын. 

Зайнура Баратова, ата-ана: 

- Шамамен 45 мың теңге жиналған. Ол қыз менің ұлымды "Ұстаздар күніне сыйлық аламыз" деп алдап, ақшаның бәрін соның нөміріне аудартыпты. Бұл озбырлыққа барған оқушылар біздің де балаларға қауіпті. 

Ата-аналар жетім қызға қорлық көрсеткен жеткіншектерді басқа мектепке ауыстыруды талап етеді. Тіпті ауылдан көшсін дейді. Ал жәбірленушінің қамқоршысы бүгін көрінбеді. Айта кетсек, қыркүйекте болған сұмдықты мектеп жуырда білген. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар