Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жетім қалған шағалақ: Үйіне бара жатқан жаңа босанған әйел сұмдық жол апатынан қаза тапты

09:37, 03 желтоқсан 2024 3070

Ресейде перзентханадан нәрестесімен қайтып келе жатқан 21 жастағы ана жантүршігерлік жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

2002 жылы туған әйел 11 күн бұрын дүниеге келген сәбиімен бірге перзентханадан үйіне қайтып келе жатқан.

Алайда Амур облысындағы Благовещенск – Свободный тас жолында Cadillac Escalade және Mazda Demio автокөліктері соқтығысқан.

Апат кезінде әйел жаңа туған ұлын қолында ұстап отырған. Өкінішке қарай, келіншек және оның мінген көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

Екінші көліктің жүргізушісі, яғни апатты тудырған адам жарақат алып, оның бес жастағы баласы да зардап шекті.

 

Қайғылы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Апат аймақ прокуратурасының бақылауында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар