Түркістан облысында түнде орын алған екі автокөліктің жойқын соқтығысуы салдарынан жеті адам оқиға орнында қаза тауып, құқық қорғау органдары тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды Alash.kz.
Түркістан облыстық полиция департаментінің таратқан ақпараты бойынша, қайғылы жол апаты Бәйдібек ауданының аумағындағы Шаян – Екпінді бағытындағы автожолда болған.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, түнде тасжолда Toyota Camry және Volkswagen Passat маркалы автокөліктері соқтығысқан», — деп хабарлады ПД өкілдері.
Осы жол-көлік оқиғасының салдарынан жеті адам алған жарақаттарынан сол жерде жан тапсырды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері апаттың мән-жайын анықтау үшін тиісті зерттеу шараларын жүргізіп жатыр.