Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жерлеп тастағаннан" кейін үйге оралған". Жамбыл облысында "қайтыс болған" әйел бір айдан соң үйіне оралды

11:25, 17 ақпан 2026

Жамбыл облыстық полиция департаменті мәліметінше, 1953 жылы туған әйел 2024 жылдың тамызында Тараз қаласына көшіп келгеннен кейін, 2025 жылы Құрбан айт мерекесінен соң із-түссіз жоғалған. Оның әпкесі полицияға арыз түсірген, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

2025 жылдың тамыз айында ауыл маңындағы өрістен мәйіт табылып, қылмыстық іс қозғалады. Марқұмды туыстары жоғалған әйел деп танып, өлім туралы акт жазбасы тіркеліп, куәлік берілген.

Алайда бір айдан соң, 2025 жылдың қыркүйегінде әйел Жамбыл ауданына қарасты Қостөбе ауылында ағасының үйіне келген. Осыған байланысты оның қызы сотқа жүгініп, өлім туралы жазбаны жарамсыз деп тануды сұраған.

Әйелдің айтуынша, Құрбан айттан кейін Айша бибі ауылына барып, жұмыс істеп жүрген. Зейнетақы төлемдері тоқтатылған кезде Таразға келіп, өзін қайтыс болды деп тіркегенін білген.

Кейін Жамбыл аудандық соты табылған мәйіттің басқа адамға тиесілі екенін анықтады. Эксгумация жүргізіліп, сот-медициналық және генетикалық сараптамалар нәтижесінде марқұмның жеке басы белгілі болды. Қылмыстық іс тоқтатылды.

Сот шешімімен өлім туралы куәлік жарамсыз деп танылып, акт жазбасы жойылды. Шешім заңды күшіне енген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар