Саяси белсенді, композитор Хасен Қожа-Ахмет осыдан екі жыл бұрын Ulysmedia.kz порталына берген сұхбатында көтеріліске кінәліленді атаған еді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі туралы айтылмай кетті. Азайып барады.Әсіресе, 1991 жылдан кейін, әсіресе, сотталып келген азаматтарды мектептер, жоғарғы оқу орындары шақыра бастады. Қазір шақырмай кетті. Бұл – билікке байланысты. Егер билік қазір қазақтың ынта-жігері оянған кез, ұлттық санасы сергек, Тәуелсіз ел болуға мақсат қойды деп ойласа, оқу орындарына тапсырма беруі керек еді.
Сол кездегі Министрлер кабинетінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев еді. Желтоқсан оқиғасын ұйымдастырған солардың өздері.
1986 жылы 16 желтоқсан күні мен қызметке келе жатқанда алаңда тұрған 300 дей адамды көрдім. Ол кезде қазақ теледидарының музыкалық редакциясында жұмыс істейтінмін. Сөйтіп, жұмысқа келсем, бәрі терезеге қарап «Колбиннің келгеніне наразылық білдіріп жатыр екен» деп шуылдасып тұр екен. Содан мен қасыма екі жігіт ертіп алдым да алаңға бардым. Барсақ, мінбе бос тұр екен. Мінбеге шығып жұрттың көтеріп тұрған жазуларын оқыдық. Бәрі сол «Қазақ басшы керек», «Колбин, кет» деген сияқты жазулар екен. Содан жұмысқа қайтып келіп алаңға қайта шығуға жиналдық. Сөйтіп түскі асты сылтауратып, музыкалық редакцияның қызметкерлері түгел алаңға кеттік. Келсек, милиция қоршап тұр екен. Біз де бірден килігіп жүріп ішке ендік, – дейді ол.