Желіде Асанәлі Әшімовтің төртінші әйелі Бағдат Әшімованың жоқтау айтып, зар илеген видеосы тарады, деп хабарлайды Alash.kz.
Ozgeris.info сайты хабарлағандай, желіде марқұм Асанәлі Әшімовтің төртінші әйелі Бағдат Әшімованың жоқтау айтып, жылап тұрған видеосы кеңінен тарады.
Видеодан актрисаның дауыс шығарып, күйінішін білдіріп отырғанын байқауға болады. Ол:
"Азаматым-ау... Асқар тауым құлады. Жатқан жерің жайлы болсын. Енді мұңымды кімге барып айтамын", – деп зар илеген.
Желі қолданушылары видеоны көріп, өз пікірлерін қалдырған. Кейбір пікірлерде былай делінген:
-
"Бағдат әпкені қатты аяймын. Бар өмірін сол кісіге арнаған дана әйел";
-
"Әртіс болған соң, солай айтып тұрған болар, бүкіл халыққа көрініп";
-
"Жоқтау айтуды ұмытып барамыз. Бұл қазақ халқының салт-дәстүрі";
-
"Бағдатқа сабыр берсін";
-
"Жоқтауды жас өлікке айтады емес пе".
Аталған видео қазіргі таңда желіде көптеп қаралуда, көрермендер актрисаның көңіл күйіне жанашырлық танытып отыр.