Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жеке басы анықталды»: Қызылорда облысында көпірдің астынан бойжеткеннің мәйіті табылды

22:21, 05 маусым 2026

Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы канал шлюзінің көпірі астынан ас бойжеткеннің мәйіті табылды, дер хабарлайды Alash.kz.

Аталған дерек бойынша кісі өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Оқиға туралы ақпарат 3 маусым күні кешке жергілікті тұрғынның құқық қорғау органдарына хабарлауынан кейін белгілі болған. Тергеу барысында қаза тапқан азаматшаның жеке басы анықталды. Туыстарының сөзіне сүйенсек, бойжеткен оқиғадан бір күн бұрын үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Осы жағдайдан кейін мессенджерлерде ауылда маньяк жүр деген сыбыстар тарай бастады. Алайда облыстық Полиция департаменті бұл қауесеттің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеп, тұрғындарды тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды. Сонымен қатар ведомство жалған мәлімет таратқандар заң алдында жауап беретінін ескертті.

Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар