Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жедел-жәрдем 20:00 ден кейін хабарласқандарға келмейді - Министр неге бұндай ереже шығарды?

19:00, 30 қазан 2024 1016

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстандағы жедел жәрдем туралы жаңа заң туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Жаңа ереже бойынша, 4-санаттағы науқастар жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін ғана жедел жәрдем шақыра алады. Бірақ құжат әлі нақтыланбады. Қоғамдық талқылаудан ғана өткен.

“Бастапқыда бұйрық жобасында жедел медициналық жәрдем қызметі 1, 2 және 3 санаттағы науқастарға тәулік бойы қызмет көрсететіні және жұмыс істейтіні айтылған. Ал 4-санаттағы науқастарға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетіледі. Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен жылдамдығын қамтамасыз ету мақсатында 4-санаттағы науқастарды түнгі уақытта жедел медициналық жәрдем станциясына көшіру, ал поликлиникаларда жұмыс уақытын сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін қалдыру ұсынылады", – деді Әлназарова.

Айта кету қажет, жедел медициналық көмек көрсету ережесіне енгізілген жаңа түзетулерде жәрдем жәрдем шақырудың 4 шұғыл санаты белгіленген.

- 1-санаттағы шұғыл шақыру – дереу медициналық көмекті қажет ететін өміріне тікелей қауіп төніп тұрған науқас;

- 2-санаттағы шұғыл шақыру – медициналық көмексіз өміріне ықтимал қауіп төніп тұрған науқас;

- 3-санатты шұғыл шақыру – медициналық көмексіз денсаулығына қауіп төніп тұрған науқас; 

- 4-санаттағы шұғыл шақыру – ағзалар мен жүйелердің кенеттен және айқын бұзылуынсыз, өмірі мен денсаулығына тікелей және ықтимал қауіп төндірмейтін, жедел аурудан немесе созылмалы аурудың өршуінен туындаған науқас.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар