Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жазушы Медеу Сәрсеке 88 жасында дүниеден өтті

21 наурыз 2024 384

Қазақтың белгілі жазушысы, «Құрмет» орденінің, сондай-ақ «Еңбектегі ерлігі үшін» медалінің иегері Медеу Сәрсеке 88 жасында дүниеден өтті. Жазушының қазасы жайлы ақын Дәулеткерей Кәпұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Медеу Сәрсеке ағамыз да мына жарық жалғаннан көшкен екен. Алдынан жарылқасын», - деп жазды Дәулеткерей Кәпұлы.

Медеу Сәрсеке Семей облысы, бұрынғы Абыралы ауданына қарасты Қайнар ауылында 1936 жылы 2 қаңтарда дүниеге келген.

Еңбек жолын «Лениншіл жас» газетінен бастаған. Ол мұнда 1958-59 жылдарда әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып еңбек еткен.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?