Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жазасын жеңілдетті» - Ақтөбе облысындағы 9-сынып оқушысы қазасына қатысты ел естімеген ақпарат шықты

10:01, 31 желтоқсан 2025

Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық инстанциясы Темір ауданында орын алған мектеп оқушысының өліміне қатысты резонансты істі қайта қарап, шешімін өзгертті, деп хабарлайды Alash.kz.

Қайғылы оқиға 2024 жылдың қыркүйегінде Қопа ауылында жоғары сынып оқушыларының 9-сынып оқушысын ұрып-соғудың салдарынан орын алған болатын.

Бұған дейін бірінші сатыдағы сот шешімімен басты үш айыпталушының әрқайсысы 6 жыл 8 айға, ал қалған үш жасөспірім 1 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Алайда апелляциялық шағымды қарау барысында сот алқасы бірқатар маңызды мән-жайларды назарға алды. Атап айтқанда, сотталғандардың кәмелетке толмаған жасы, жасаған істеріне өкініш білдіруі және тараптар арасындағы медиативтік келісім ескерілді.

Сот шешімінде: «Іс апелляциялық тәртіпте жәбірленуші тарап пен оның адвокаттарының шағымдары, сондай-ақ сотталғандар мен олардың қорғаушыларының өтініштері бойынша қаралды» - деп көрсетілген.

Нәтижесінде сот жәбірленуші тараптың жазаны жеңілдету туралы ұстанымын ескере отырып, негізгі айыпталушыларға қатысты үкімді өзгертті.

Жаңа қаулыға сәйкес, сотталған азаматтарға тағайындалған жаза ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабы негізінде шартты деп танылды. Үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылып, апелляциялық қаулы заңды күшіне енді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар