Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жайықтың суы 8 метрге дейін көтерілді

09:54, 19 сәуір 2024 640

Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласы тұсында бір тәулікте 13 сантиметрге көтерілді.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 19 сәуір күні сағат 08.00-дегі мәліметі бойынша Оралда Жайық деңгейі 794 сантиметрге жетті, яғни 8 метрге (қауіпті шегі 850 см) жуықтады.

Өзен деңгейі Бәйтерек ауданы Январцев гидробекетінде бірден 28 сантиметрге жоғарылап, 884 сантиметрді (мұндағы қауіпті шегі 1 250 см) көрсетті.

Жайық өзені сондай-ақ Көшім (+2, 788 см) мен Тайпақ ауылы (+9, 495 см) тұсында да көтерілуде.

Сонымен қатар, Көшім каналында су деңгейі 823 сантиметрге жетті (+2, қауіпті шегі — 800).

Орал қаласы мен Жайық өзені бойында орналасқан 84 елді мекенге төнген қауіп әлі сейілген жоқ.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар