Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жаттанды жаз жыры. Астана аумағы өлапат өртке оранып жатыр

10:02, 21 шілде 2024 517
2024 жылы 20 шілдеде Астанада Талдыкөл аумағында құрғақ шөпте тұтанған от алапат өртке ұласты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Талдыкөл аумағында құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатыр.

1500 шаршы метр алаңды жалмаған қызыл жалын қазіргі уақытта оқшауланды. Тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ.

"Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиға орнында ТЖМ құтқарушылары өртті жою бойынша жұмыс жүргізуде", делінген ведомство хабарламасында.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?