Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жасырын дайындық: Трамп Қытайға байланысты ел күтпеген жоспар құрып жатыр

11:40, 07 қыркүйек 2025 278

АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның жақын кеңесшілері қазан айында Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық (АТЭС) елдерінің сауда министрлері саммитіне қатысу үшін Оңтүстік Кореяға жасалатын сапарға жасырын түрде дайындалып жатыр. Онда ол Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізуі мүмкін. Бұл туралы CNN-ге Трамп әкімшілігінің үш өкілі хабарлаған, деп жазады Alash.kz.

Олардың айтуынша, қазан айының соңы – қарашаның басына жоспарланған саммит Трамп пен Сидің кездесуі үшін негізгі мүмкіндік ретінде қарастырылып отыр. Ресми тұлғалар АТЭС саммиті аясында екіжақты кездесу бойынша «айтарлықтай талқылаулар» жүріп жатқанын, бірақ нақты жоспардың әзірге жоқ екенін атап өткен.

CNN деректеріне сәйкес, АҚШ президентінің сапары Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен кездесуге де жол ашуы мүмкін, алайда оның саммитке қатысатыны әзірге расталмаған. Бұған дейін Оңтүстік Корея президенті Ли Джэ Мён АҚШ пен Солтүстік Корея лидерлерінің кездесуі өтуі ықтимал екенін айтқанын дереккөздер хабарлаған. Сондай-ақ, америкалық президент Лиге Ким Чен Ынмен кездесуге дайын екенін жеткізген.

South China Morning Post (SCMP) басылымы шілде айында-ақ АТЭС саммиті Қытай мен АҚШ басшыларының жеке жүздесуіне мүмкіндік болуы мүмкін екенін жазған еді. Басылымның мәліметінше, Трамп АТЭС саммитіне (30 қазан – 1 қараша) қатысар алдында Қытайға баруы немесе Симен саммит барысында кездесуі ықтимал.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар