Павлодарда қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
25 жастағы ер адам 16 қабатты үйдің оныншы қабатынан секіріп кетті.
Pavlodarnews.kz хабарлауынша, 103-ке қоңырау сағат 03:33-те түскен. Шамамен 25 жастағы ер адам Назарбаев көшесі, 50 мекенжайындағы 16 қабатты үйдің шамамен оныншы қабатынан секіргені туралы ақпарат түскен.
Оқиға орнына жедел жеткен дәрігерлер оның мерт болғанын хабарлады.
«Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», — деді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі Аzattyq Rýhy агенттігіне берген түсініктемесінде.