Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жас педагогтерді қолдау: елордада «Ізденіс. Креатив. Шабыт» атты фестиваль өтті

15:34, 10 қазан 2024 363

Астана қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 104 мектепте елордалық жас педагогтерге арналған «Ізденіс. Креатив. Шабыт» атты фестиваль өтті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Ұстаздық жолға алғаш қадам басып жатқан жас мамандарға орта құруға, тәжірибе алмасуға, біліктілігін арттыруға көмектесу мақсатында өткен фестиваль 300-ден аса педагогті қамтыды. 

Шара шымылдығы білікті ұстаздардың және әдіскерлердің сүйемелдеуімен «Педагогикалық өзара әрекеттестіктегі эмпатия, сыныпта қолайлы атмосфера құру», «Ideal Ustaz» тақырыптарында тренингтерімен ашылды. Бұдан соң «Шығармашылық тәсіл, шығармашылықты сабаққа кіріктіру» «Тапсырмалар жасау үшін жасанды интеллект құралдарын пайдалану», «Дизайндық ойлау», «Оқу үдерісіндегі жасанды интеллект: заманауи технологиялармен практикалық құралдар» тақырыбында шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Жас мамандар география, тарих, ағылшын, биология пәндері бойынша квестке қатысып, өзара тәжірибе алмасты. 

Шара барысында жас педагогтер ҚР еңбек сіңірген ұстазы Күшай Тердікбаевпен TedX форматында сұхбаттасты. Ардагер ұстаз оларға қолдау білдіріп, білім беру саласын дамыту бойынша ақыл-кеңес берді.  Тәжірибелі мұғаліммен кездескен педагогтер көкейдегі сұрағын қойып, қысылмай әңгімелесті.

Шара соңында жас мамандар осындай игі шара ұйымдастырғаны үшін орталық ұжымына және басқа да жауапты мамандарға алғысын айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?