Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жарық-шу гранатасы жарылған»: Алматы облысында оқу-жаттығу кезінде төтенше жағдай орын алды

00:05, 10 маусым 2026

Алматы облысында полиция қызметкерлерінің жоспарлы оқу-жаттығуы кезінде жарық-шу гранатасы іске қосылып, бірнеше тәртіп сақшысы жарақат алды, деп хабарлайды Alash.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқу-жаттығу алаңында төтенше жағдай орын алғанын растап, ресми мәлімдеме жасады.

ПД таратқан ақпаратта:

«Техникалық оқиға болған жердің жанында болған бөлініс қызметкерлеріне уақтылы медициналық көмек көрсетілді. Қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр», – делінген.

Сонымен қатар, құзырлы орган өкілдері әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған мәліметтерді жоққа шығарды.

Сурет: Михаил Козачков (Telegram)

Желіде снарядтардың бірінен соң бірі жарылып, салдарынан 15 полицей зардап шеккені және олардың Қонаев қалалық ауруханасына ауыр халде жеткізілгені туралы ақпарат тараған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар