Бүгін тарихтағы ең ұзақ ұшу миссиясынан кейін ғарышкерлер Жезқазғанға қонады.
«Роскосмостың» хабарлауынша, бүгін Халықаралық ғарыш станциясының (ХҒС) экспедицияларының бірі аяқталады. Экипаж орбитада 374 күн өткізген деп хабарлайды Alash.kz Aqsham.news.kz-ке сілтеме жасап.
«Роскосмостың» мәліметі бойынша, 23 қыркүйекте Мәскеу уақытымен 8:15-те станция экипаждары қоштасып, өтпелі люктерді жапқан. Қазір ғарышкерлер ғарыш кемесінің ажырауына дайындалып жатыр.
Астана уақыты бойынша 17:00-де кеме Жезқазған маңына қонуы керек. Осылайша, ғарышкерлер Олег Кононенко мен Николай Чуб өз миссияларын аяқтайды.
Сонымен қатар, NASA астронавты Трейси Дайсонның жарты жылдық экспедициясы да аяқталады.