Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жарға жыққан жалған ақпарат. Атырау полициясы елді дүрліктірген адамға айыппұл салды

18:32, 13 сәуір 2024 383

Атырау қаласы, Полиция басқармасы тасқын суға қатысты жалған ақпарат таратып, дүйім жұртты дүрліктірген адамды жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Атырау қаласын су басуы туралы жалған аудиожазба таратқан ер адамға ҚР ӘҚБК-нің 456-2 бабына сәйкес айыппұл салынды.

Еске сала кетейік, БАҚ-ы мен әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік, соның ішінде, қылмыстық жауапкершілік қаралған.

Тұрғындарды тек Атырау облысының жедел штабы таратқан ресми ақпаратқа сенуге шақырады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар