Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жақыныңды жылап жоқтау, қимай іздеу күнә болса…»: Меруерт Түсіпбаева жан сырын ақтарып, мұңды жазба жариялады

09:35, 27 маусым 2026

Әнші Меруерт Түсіпбаева пластикалық ота жасату кезінде қайғылы жағдайда көз жұмған құрбысы Сәуле Базарханның өмірден өткеніне 40 күн толуына орай әлеуметтік желідегі жеке парақшасында естелік жазба жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.

Отандық өнер иесі Меруерт Түсіпбаева мезгілсіз өмірден озған жақын досы Сәуле Базарханды еске алып, оның жарқын болмысы мен адами қасиеттерін ерекше атап өтті. Әнші өз жазбасында марқұммен бірге өткізген мазмұнды күндерін үлкен сағынышпен еске алып, оның айналасына тек жақсылық пен нұр сыйлап жүретін ізгі мінезін тілге тиек етті. Пластикалық хирургия клиникасында орын алған бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын, ал өнерпаз өз құрбысының қазасына әлі де сене алмай, қатты қайғырып жүргенін жеткізді.

Меруерт Түсіпбаева өзінің жүрекжарды мұңы мен құрбысына деген қимастық сезімін желідегі оқырмандарына келесідей сөздермен жеткізген:

«Егер қайтыс болған жақыныңды жылап жоқтау, қимай іздеу күнә болса, Жаратқан көз жасын пендесінің бойына жаратар ма еді?! Өмір барда өлім хақ дегенімізбен, мұңаюдың да өз орны бар-ау. Жан-жағына нұрын шашқан Сәуленің ортамыздан кеткеніне 40 күн... Жаның жәннатта болсын, жан құрбым…»

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар