Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жақында көрдім. Жағдайы өте жақсы”: Қырғызстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев жайлы айтты

17:57, 24 маусым 2026

Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаев Нұрсұлтан Назарбаевпен қарым-қатынасы туралы айтты, деп жазады Alash.kz.

Асқар Ақаев қазіргі уақытта Ресейде тұрып жатқанын жеткізді.

Бүгінде ол Мәскеудегі Михаил Ломоносов атындағы мемлекеттік университетте ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысады.

"Қазір Мәскеуде тұрамын. Михаил Васильевич Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде жұмыс істеймін. Математика профессоры болып қызмет атқарамын. Білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысамын, аспиранттар мен докторанттарды дайындаймын, ғылыми еңбектер шығарамын", – деп жауап берді Асқар Ақаев журналист Асхат Ниязовтың  сауалына.

Асқар Ақаев биыл 22 жылдан кейін алғаш рет Ыстықкөлге келгенін айтты. Ал Қырғызстанға соңғы сапары осыдан төрт жыл бұрын болған. Журналистің “Сізді елге еш қиындықсыз кіргізе ме?” деген сұрағына экс-президент былай деп жауап берді:

“Иә, ешқандай мәселе жоқ. Қорықпаймын. Ешқандай күзетсіз жүрмін. Мұнда қызыммен келдім", – деді Асқар Ақаев.

Асқар Ақаев Нұрсұлтан Назарбаевпен қарым-қатынасы туралы айтты. 

Журналист одан Қазақстанның тұңғыш президенті қазір қайда екенін және оны соңғы рет қашан көргенін сұрады. 

"Ең жақсы қарым-қатынастамын. Мен бірге жұмыс істеген адамдардың бәрімен жақсы қатынастамын. Нұрсұлтан Назарбаевқа да 30 жыл бойы үлкен құрметпен қараймын.
Соңғы рет жақында көрдім. Ол тірі, дені сау. Жағдайы өте жақсы", – деді Асқар Ақаев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар