Жуырда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жеке концертін өткізген Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын жария етті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
"Мыңдаған жүрек. Бір тыныс. Бұл түн тарихта да, менің жанымда да мәңгі қалады. Бұл арманды менімен бірге бөліскендердің бәріне рақмет! Менің командам, музыканттар, көрермендер және осы сапарға сенген барша жанға алғыс айтамын! Музыка бізді біріктірді. Қазақстаннан Америкаға дейін, жүректен жүрекке, жаннан жанға. Осы концерт туралы деректі фильм түсірілді. Бұл сапар, сәттер және бірге сезінген қуат туралы. Жақында...,"-деп жазды Димаш Құдайберген.
Айта кетейік, Димаш – Madison Square Garden аренасында концерт берген алғашқы қазақ әншісі.