Жапонияда 65 жастағы Санаэ Такаити алғаш рет әйел адам ретінде премьер-министр қызметіне сайланды, деп жазады Alash.kz.
Ол Жапонияның инновациялық партиясы ұсынған коалицияның қолдауымен 237 дауыс жинап, жеңіске жетті.
Санаэ Такаити бұрынғы премьер-министр Синдзо Абэге жақын адам болып саналады және саясатта Маргарет Тэтчерді үлгі тұтады. Алайда саясаткерлер мен сарапшылар оның тағайындалуын гендерлік теңдік саласындағы елеулі прогрестің белгісі деп санамайды. Себебі Жапонияда әлі де патриархалдық дәстүрлер басым.
Санаэ Такаити некедегі әйелдердің өз тегін сақтап қалуына қарсы екенін ашық айтты. Оның пікірінше, ерлі-зайыптылар тек бір фамилияны пайдалану керек, бұл дәстүрлі құндылықтарды қолдайды.