Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жантүршігерлік төбелес: Қостанайда ер адам қарт кісіні аяусыз соққыға жықты

18:30, 01 шілде 2025 192

Қостанайда ер адам көшеде қарт кісіні қатыгездікпен соққыға жықты, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Қостанай қаласының орталығында егде жастағы ер адамды соққыға жығу оқиғасы тіркелді. 

Оқиға «Тандыр» кафесінің жанында болған. Жантүршігерлік сәт бейнебақылау камераларына түсіп, әлеуметтік желілерде тарап кетті.

Бейнежазбада белгісіз ер адамның қарияға бірнеше рет күш қолданғаны анық көрінеді.

Жанжалға араша түспек болған әйелге қарамастан, күдікті әрекетін жалғастырған.

Қазіргі таңда оқиғаның нақты мән-жайы анықталуда. Құқық қорғау органдары бұл жағдайға байланысты әзірге ресми пікір білдірген жоқ.

Желі қолданушылары бұл оқиғаға бейжай қарамай, шабуыл жасаған азаматты жауапқа тартуды талап етуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар