Астана іргесіндегі Қосшы қаласында қайғылы оқиға тіркелді, деп хабарлайды Alash.kz.
Көпқабатты үйдің 8-қабатынан 8 жастағы бала құлап кетіп, ауыр жарақат алған. Жедел жәрдем қызметі шұғыл жеткенімен, баланың өмірін аман алып қалу мүмкін болмады – ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.
Қазіргі уақытта бұл жағдайға байланысты тергеу жүріп жатыр, оқиғаның нақты себептері анықталуда