Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жантүршігерлік жол апаты: Көшеде көлік жүргізушісі бірден 11 адамды қағып өлтірді

12:00, 28 сәуір 2025 285

Сенбі күні кешке Ванкуверде филиппин қауымдастығы ұйымдастырған көше мерекесі кезінде автокөлік адамдар тобына соғылды. Қала полициясының мәліметінше, кемінде 11 адам қаза тапқан. Көлік жүргізушісі ұсталып, оған кісі өлтіру бойынша айып тағылды, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Филиппин қауымдастығы XVI ғасырда өмір сүрген отаршыларға қарсы күрескен батыр — Лапу-Лапу күнін атап өтіп жатқан болатын.

Сол кезде, жергілікті уақытпен шамамен кешкі сағат 8-де, қара түсті жол талғамайтын көлік адамдар тобына келіп соғылған.

Ванкувер полициясы оқиғаны лаңкестік акт деп санамайтынын мәлімдеді, өйткені оған дәлелдер жоқ.

Жексенбі кешінде жүргізушінің психикалық аурулармен ауырғаны туралы ақпарат пайда болды. Ол ұсталған, жасы 30-да екені хабарланды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар