Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге Сицзанда болған жер сілкінісіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Alash.kz.
Соңғы мәліметтер бойынша, бұл табиғи апат 95 адамның өмірін қиды. Қытайда төтенше жағдай режимі енгізілді.
Тоқаев Қытайдың Сицзан автономиялық ауданына қарасты Шигацзе қаласында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдады.