Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жантүршігерлік жағдай: Ақтөбеде әскери қызметкер 17 жастағы қызды қағып өлтірді

15:27, 09 тамыз 2024 883

Ақтөбе облысында әскери қызметкер 17 жастағы қызды жаяу жүргіншілер жолағында қағып өлтірді. Алайда қылмыскерді тек бір апта өткен соң ғана ұстаған. Бұл туралы ZTB News тілшісіне марқұмның сіңлісі мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Оқиға 31 шілде күні Самара – Шымкент тас жолында, Маржанбұлақ ауылының маңында болған. ZTB News тілшісіне Ақтөбе гарнизоны әскери полиция бөлімінің бастығының міндетін уақытша атқарушы Талғат Ахметовтың айтуынша, тергеу соты Темір С.Т.-ға екі айға қамауға алуға бұйрық берген.

– Ақтөбе гарнизоны әскери полиция бөлімі 2024 жылдың 31 шілдесінде әскери бөлімнің 20982 әскери қызметкері Темір С.Т.-ның қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Әскери қызметкер өз жеке көлігімен кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып, ол алған жарақаттарынан қайтыс болды. Басқа ақпараттар ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жарияланбайды, − деп түсіндірді Талғат Ахметов.

Алайда, марқұмның сіңлісі Ақбота Қадыршенованың айтуынша, полиция бұл іске аймақтағы әлеуметтік желілерде шу көтерілгеннен кейін ғана толыққанды кірісе бастаған. Өйткені күдікті тек 6 тамызда, яғни оқиғадан кейін бір апта өткен соң ұсталған.

ZTB News тілшісі осы жағдайды түсіндіруге талап еткен кезде, әскери полиция жауап беруден бас тартқан.

Ақбота бұл істің әділ тергелуіне әкімшілік ресурстар кедергі келтіріп жатқанын айтады.

– Қазір іс жүріп жатыр, бірақ ол жерде бәрі шикі. Мысалы, анама неге екенін білмеймін, сот төрағасы қоңырау шалып жатыр, ал бұл заңға қайшы. Сонымен қатар, сараптама дұрыс жүргізілмеген, қайтыс болған жерден бастап қателіктер бар. Кейін басқа аурухана көрсетілген және тек бір ғана жарақат алды деп жазылған. Тіпті оқиға орны мен көлік маркасы көрсетілмеген, − деді марқұмның сіңлісі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар