Түркияның Карталкая тау-шаңғы курортындағы қонақүйлердің бірінде ауқымды өрт болды, деп хабарлайды Alash.kz.
Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликаяның мәліметінше, өрт таңғы 03:27 шамасында 11 қабатты ғимараттың төртінші қабатында басталған.
Оқиға салдарынан 66 адам қаза тауып, тағы 51 адам жарақат алды. Өрт кезінде қонақүйде 230-дан астам адам болған.
Оқиға орнында 267 төтенше қызмет қызметкері жұмыс істеді. Өрттің шығу себебі әлі анықталған жоқ.