Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жантүршігерлік жағдай: Жоғалып кеткен туристің денесі чемоданның ішінен табылды

11:34, 06 тамыз 2026

Грекияда чемоданнан мәйіті табылған британдық туристің ісі бойынша күдікті ұсталды, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Грекияда чемоданнан мәйіті табылған британдық туристің өліміне қатысты іс бойынша күдікті ұсталды.

Жергілікті ақпаратқа сәйкес, 38 жастағы Ұлыбритания азаматы Элизабет-Джейн Росс 15 шілдеден кейін хабар-ошарсыз кеткен. Бірнеше күннен соң оның мәйіті Афина қаласындағы қараусыз қалған ғимараттардың бірінен табылған чемоданның ішінен табылды. Әйелдің жеке басы саусақ іздері арқылы анықталған.

Полиция мәліметінше, 26 жастағы ер адам күдікке ілініп, қамауға алынған. Тергеу нұсқасы бойынша, ол марқұмның денесін чемоданмен тасымалдаған әрі оның банк карталарын пайдаланып, есепшотынан ақша шешіп алған. Күдікті мәйітті тасымалдағанын мойындаған.

Белгілі болғандай, Элизабет-Джейн Росс Грекияға маусым айының соңында келіп, достарының үйінде тұрған. Жоғалар алдында ол таныстарына қонаққа баратынын айтқан.

Алайда әйел жоғалып кеткеннен кейін де оның телефонынан туыстары мен достарына «біраз уақыт жалғыз болғым келеді» деген мазмұндағы хабарламалар жіберіліп отырған.

Қазір құқық қорғау органдары әйелдің нақты неден қайтыс болғанын анықтау үшін токсикологиялық сараптаманың қорытындысын күтуде. Әзірге іс абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру, тонау және қаруды заңсыз сақтау баптары бойынша тергеліп жатыр. Сараптама нәтижесіне қарай іс бойынша құқықтық баға өзгеруі мүмкін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар