Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жантүршігерлік жағдай: Астанада түнгі клубта 18 жастағы жігітті пышақтап өлтіріп кетті

22:49, 28 желтоқсан 2025

Астанадағы ойын-сауық орындарының бірінде 18 жастағы жігіт пышық жарақатынан көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Жантүршігерлік оқиға туралы куәгерлер әлеуметтік желіде жазды.

Фото: Скрин

“Жұмадан сенбіге қараған түні елордалық ойын-сауық орындарының бірінде Семей қаласының 18 жастағы тұрғыны пышақ жарақатынан көз жұмды. Клуб маңында полиция көптеп жиналып, келушілер эвакуацияланды”, – деп жазды куәгерлер.

Желі қолданушылары 2Gis-те түнгі клубтың жабылуын талап етіп жатыр.

Сондай-ақ қазақстандықтарды түнгі клубың болған жағдай елеместен жұмысын жалғастырып жатқаны ашуландырды. 

“Клуба 18 жастағы жігіт көз жұмды, ал олардың парақшалары stories жариялап отыр. 2GIS платформасында қызметкерлердің өздері жағымды пікірлер жазып, жағымсыз пікірлерді төменге түсіруге тырысып жатыр”, – деп жазды желі қолданушылары.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар