Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жантүршігерлік жағдай: Ақтөбеде жігітті аяусыз өлтіріп, денесін бөлшектеп, басын тоңазытқышта сақтаған

11:40, 26 қаңтар 2025 635

Ақтөбе облысының екі тұрғыны танысын өлтіріп, оны бөлшектеп, басын пакетке салып, тоңазытқышта сақтаған. Жантүршігерлік қылмысқа қатысты сот ісі басталды. Бұл туралы Astana.tv хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

Күдікті екеу-Хромтау аудананың тұрғындары. Екеуі де бұрын сотты болған.

Тергеу материалдарына жүгінсек, үш жігіт жиналып, ішімдік ішкен. Кейін жанжал шығып, күдіктінің бірі керісіп қалған жігітті сабап, артынша пышақ салған. Кейін екі күдікті пәтерден қашып кетіпті. Ертеңіне үй иесі келіп, қылмысты жасырмақ болады. Мәйітті бөлшектеп, пакетке салып, бөліп-бөліп жасырған көрінеді. Басын тоназытқышына салып қойыпты. Ал туыстары марқұм болған жігітті таба алмай, бір ай бойы іздеген. 

“Лукин Кузьменконың өлі денесін ас бөлмеден жуынатын бөлмеге сүйреп әкеліп, бөлшектеген. Сосын дене мүшелерін пакетке салып, Хромтау ауданындағы «Гигант » карьеріне апарып тастаған. Ал өлі дененің қалған бөліктерін өз мұздатқышына салып қойған,- деді мемлекеттік айыптаушы Жанар Кабдышева.

Сотқа жәбірленуші тарап онлайн қатысты. Ал сотталушылардың әрекетінен жақындарының өзі шошып отыр. 

“2009 жылы ол менің бір саусағымды шауып тастады. Кейін дәрігерлер тігіп берді. Мені өлтіремін деп талай қорқытты”,- деді сотталушының анасы Любовь Лукина. 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар