Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жантүршігерлік жағдай: Әйел адам үш жасар бүлдіршінді аяусыз пышақтап өлтірді

09:28, 07 мамыр 2025 874

Әлеуметтік желілерде әйел адамның ас үй пышағымен үш жасар қыз балаға шабуыл жасаған сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Оқиға салдарынан ауыр, өміріне қауіп төндіретін жарақат алған бүлдіршін ауруханада көз жұмды.

Қайғылы оқиға 1 мамыр күні Сұрхандария облысының Денау ауданында орын алған.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті — психоневрологиялық диспансерде тіркеуде тұрған жергілікті тұрғын әйел.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 97-бабы (қасақана адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар