Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жантүгшігерлік жағдай: Балабақшада балаларды құлыптап, мерзімі өткен дәрілерді беріп қинаған

10:00, 13 қаңтар 2025 390

Румыния Муреш уезінде орналасқан балабақшада мүгедектігі бар балалардың құлыпталып, мерзімі өткен дәрі-дәрмектермен емделгені анықталды. 63 бала адам төзгісіз жағдайда өмір сүрген, оның үстіне балалар саны қолда бар төсек-орын санынан асып кеткен. Бұл орталықтарға бір ай бұрын мерзімі біткен лицензия 51 балаға ғана есептелген болатын. Қазіргі таңда билік қылмыстық іс қозғап, тексерулер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Alash.kz.

Тыргу-Муреш қаласындағы төрт орталықта күтпеген тексеру жүргізген Құқықтық Ресурстар Орталығының мамандары балалар есіктері құлыпталған бөлмелерде отырғандығы анықтады.

«Балаларға арналған төсек орындары талапқа сай емес: кейбіреулеріне орын тар. Барлық бала бір құралдармен жуынған», – деді Құқықтық Ресурстар Орталығының менеджері Георгияна Паску.

Сонымен қатар, балалардың жөргектері уақытында ауыстырылмаған. Екі орталықтан мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектер табылды.

Муреш уезінің Балалар мен әлеуметтік қорғау басқармасының өкілі орталықтардағы жағдайдан хабарсыз болғанын мәлімдеді, тексеру жұмыстары жүргізілсе де, жауапты тұлғалар мекемелердің лицензиясыз жұмыс істеп жатқанын білген. Бірақ олар балаларды басқа жерге орналастыра алмағандарын айтты.

«Бұл қызмет түрлері қайта ұйымдастырылып жатыр, өйткені қазіргі күйінде лицензия алуға жарамсыз. Сондықтан бұл орталықтар мүгедектігі бар балаларға арналған отбасылық үлгідегі үйлерге айналады. Әр үйде 12 баладан аспайды», – деді Балалар мен әлеуметтік қорғау басқармасының өкілі Дору Константин.

 

Муреш уезінің Қылмыстық тергеу қызметі өз бетінше тексеру бастап, кәмелетке толмағандарға жасалған қатыгездік фактілері бойынша қылмыстық іс қозғады.

Мамандар орталықтарда шамадан тыс баланыңкөптігі, тазалықтың, дұрыс тамақтану мен медициналық қызметтердің болмауын анықтады. Бұған қоса, мәжбүрлі түрде мекемеге орналастыру жағдайлары болған: ата-аналарға балаларды тапсыру алдында кеңес берілмеген және оларға өз балаларын көруге шектеу қойылған.

Құқықтық Ресурстар Орталығының мәліметінше, бұл орталықтардың жылдық бюджеті шамамен 1 миллион еуроны құрайды, бірақ қаражаттың қалай жұмсалатынына ешкім бақылау жасамайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар