Қостанайда әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бухгалтері өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Қостанайда 38 жастағы, ақыл-есі дамуы кешеуілдеген балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бухгалтері өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Halyqstan.
Әйел өз пәтерінде асылып қалған күйінде табылған. Артында үш кішкентай баласы қалды.
Қайғылы жағдайдың нақты себептері ресми түрде жарияланған жоқ.
HALYQSTAN тілшілеріне орталық қызметкерлері анонимді түрде марқұмның жұмыс орнындағы психологиялық қысымға ұшырағанын айтып берді.
Олардың айтуынша, орталықта бірнеше жылдан бері шиеленіскен ахуал қалыптасқан: қызметкерлер мен басшылық арасында жиі жанжал болып тұрады, сондай-ақ тәрбиеленушілерге қатысты дұрыс қарамау фактілері тіркелген.
Ең даулы оқиғалардың бірі өткен жылы болды: сол кезде орталықтың тәрбиешісі жасөспірім қыздың денесін үтікпен күйдіріп жіберген. Әйел сот алдында жауап берді. Белгілі болғандай, ол да жұмыс орнындағы тұрақты күйзеліс жайлы шағымданған.
Дереккөздердің айтуынша, мекеме басшылығы әзірге қызметкердің өліміне байланысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.