Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жәнібек атақты адамның баласы”: Анасын іздеген қазақ жігітіне қатысты тың ақпарат тарады

12:41, 27 тамыз 2024 3076

Бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібектің туған анасына қатысты оқырмандар түрлі ақпараттар айтуда, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Smartnews.kz порталына сілтеме жасап. 

— Ең алдымен өмірде жақынынан айырылып қалған адамдардың бәріне көңіл айтқым келеді. Валери 10 шілдеде қайтыс болды. Иә, мені асырап алған анам таңғы 10:30-да бұл дүниемен қоштасты. Биыл қаңтарда Таиландта жүрген кезімде Валери ұзақ жылдар бойы азап шеккеннен кейін, былтыр эвтаназияға жүгінгенін айтып еді. Валери мықты адам ретінде есте қалады. Өйткені, ол басына түскен қиындықпен жалғыз күресуге мәжбүр болды. «Туған анаңды тап және мына үлкен әлемде жалғыз қалма» деп маған соңғы тілегін айтып кетті. Сауалы көп, жауабы жоқ оқиғада оның тілегін орындай алар ма екенбіз? Рахмет, мама! – деді Жәнібек.

Жәнібек анасының соңғы тілегін орындауға көпшіліктен көмек сұрады. 

«Достар, қайырлы күн! 10.07.2024 – көпшілік білетіндей, бұл менің ең жақын адамым қайтыс болған күн. Иә, әлемдегі жалғыз жақын адам. Валери менің туған анам болмаса да, ол мені өз ұлындай жақсы көрді және мен үшін қолынан келгенін жасауға тырысты. Мені қолдап, хат жазып, көңіл айтқан жандарға рахмет. Мен сіздерді жақсы көремін, жақсы адамдар. Валеридің соңғы тілегін орындауға тырысайықшы. Кездескенше!» – деп жазды. Ал, Жәнібектің оқырмандары түрлі болжам жасады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар