Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингтен шығарылды

11:30, 19 желтоқсан 2025

Әлемге әйгілі Ring Magazine журналы WBO және IBF тұжырымдамалары бойынша әлем чемпионы атанған қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын үздік боксшылар тізімінен алып тастады, деп жазады Alash.KZ Qaz365.kz сайтына сілтеме беріп.

Басылым аталған шешімнің себебін өзінің ресми әлеуметтік желідегі парақшасында түсіндірді. Журнал дерегіне сүйенсек, отандасымыздың рейтингтегі орны допинг сынағына қатысты жағдайдан кейін қайта қаралған.

«Осы айдың басында рейтингте көш бастап тұрған Жәнібек Әлімханұлы VADA ұйымы жүргізген допинг бақылауынан өте алмаған соң тізімнен шығарылды. Нәтижесінде өзге боксшылар жоғарылап, Хесус Рамос кіші ондыққа енді», – делінген Ring Magazine хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы Ring Magazine нұсқасы бойынша әлемдегі ең үздік боксшы ретінде бірінші орынға жайғасқан болатын.

Сонымен қатар, бұған дейін спортшының екінші допинг сынамасын ашу рәсімі қашан өтетіні туралы да ақпарат тараған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар