Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жанарыс Рахметқали Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

20 сәуір 2024 215

Жанарыс Рахметқали дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Дзюдо спорты бойынша Гонконгта өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Жанарыс Рахметқали қола жүлдегер атанды. Спортшымыз шешуші сында өз жерлесімін бақ сынасып, жеңіске жетті.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, спортшы 66 келі салмақта сынға түсіп, кіші финалда командаласы Ғұсман Қырғызбаевтан басым түсті.

Жүлде Жанарыс Рахметқалидің ересектер арасында жеңіп алған алғашқы медалі екенін айта кеткен жөн. Ол - жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінің қола жүлдегері. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?