Белгілі әнші, актриса Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова ұзатылды, деп жазады Alash.KZ.
Қалыңдықтың таңдауы блогер Сәкен Қағаровқа түскен. Айжұлдыз Адайбекова ұзату тойында ерекше образымен көзге түсті. Қалыңдықтың ұзату тойында киген көйлегі ерекше образымен көптің талқысына түсті. Сонымен қатар, ұзату тойдың атауы да ерекше көзге шалынды, ерекше дарын иесі Айжұлдыз кештің атауын "Айжұлдыз бата алу тойы" деп жазған.
Сондай-ақ, дүбірлі тойда көптеген өнер адамдары бой көрсетті. Олардың қатарында өнерлі жұп Мирас пен Құралай, әнші Асхат Тарғын, продюсер Жан Мұқанов және тағы да басқа өнер иелері бар.
Желі қолданушылары екі жасқа бақыт тілеп, ыстық лебіздерін білдірді.