Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жаңа заң: Қазақстанда ЛГБТ-ны насихаттағандар 10 тәулікке дейін қамалады (ВИДЕО)

15:10, 18 желтоқсан 2025

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов ЛГБТ-ны насихаттағаны үшін жауапкершілік «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заңда қарастырылғанын мәлімдеді, деп жазады Alash.KZ.

«Біз мұны құқыққа қайшы контентке жатқызғандықтан, барлық нормалар айна-қатесіз қолданылады. Алғаш рет – 20 АЕК мөлшерінде айыппұл, ал бір жыл ішінде қайталанса – айыппұл көлемін арттыру немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамау көзделеді. Бұл норма анықтау емес, өтініш беру тәртібімен қолданылады. Яғни, алдымен арыз түсуі керек, содан кейін ғана бағалау рәсімі басталады», - деді Кочетов.


Бүгін Сенат ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды мақұлдады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар