Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жаңа Қазақстанда жаңаша сөйлеген дұрыс". Мемлекеттік сыйлық төңірегінде дау шықты

10:48, 20 қазан 2024 363

Мемлекеттік сыйлық төңірегінде дау шықты. Кейбір қаламгерлердің айтуынша, биылғы марапаттан проза жанрында қалам тербегендер қалыс қалған, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Бұл жайлы қаламгер Қуандық Түменбай өзінің әлеуметтік желі парақшасында ашына жазды:

Мәди Айымбетов ағаның, Асқар Алтай інімнің желідегі жазбаларын оқып, ойланып отырмын. Жыл сайынғы әдеби жыл қорытындысында ең үлкен проза жанры заман талабына сай дамып келе жатқандығы айтылып, сүбелі шығармалардың аты аталып, баспасөзде жарияланады. Бірақ, еңбекті бағалауға келгенде сол маңғаз прозашылардың санатқа ілікпей қалатыны несі? Олардың үлесін ғалымдар мен зерттеушілер, т.б. алып жатады. Марқұм Рахымжан Отарбай құрдас айтып кетіп еді, "сыйлыққа ұсынсаң абыройдан да, оқырманнан да айрыласың" деп. " Неге?"десем, " таразы басы таза емес қой" деген. Сол сөзге енді түсініп отырмын. Таразы басына өмір көрген, гір тасын ұршықша домалатқан әккілерді қояды екен ғой. Жалпы, әдеби дүниені жабық дауысқа салуға бола ма? Шығарманың құндылығы, қаламгердің салмағы ашық түрде жария боп бағасын алу керек емес пе? Сонда ел- жұрт ұнатқан шығарма иесінің де жүзі жарқын болады. Қысқасы, прозашыларға қарайтын бет жоқ. Рахымжан құрдас айтарын айтты да, жөнеп кетті. Абырой алмағанмен оқырманнан айырыла қоймаспыз. Жаңа Қазақстанда жаңаша сөйлеген дұрыс қой, - деді қаламгер. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар