Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жаңа жылдан бастап ресми тіркеуден өтпеген такси жүргізушілері "Яндекс", "InDrive-тан" тапсырыс қабылдай алмайды

08:46, 16 қараша 2024 929

Жаңа жылдан бастап жеке тасымалдаушы есебінде тіркелмеген жүргізушілер интернет-агрегаторлар, яғни «Яндекс», «Индрайв» секілді платформалар арқылы тапсырыс қабылдай алмайды, деп жазды Alash.kz ұлттық порталы.

Жаңа жылдан бастап ресми түрде такси болып тіркелген тұрғындар ғана жұмыс істеуге құқылы. Бұл жайлы  Информбюро хабарлады.

Әрі әрбір такси жүргізушісі демалыс режимін сақтап, медициналық тексеруден өтуге тиіс. Сондай-ақ, әрбір жүргізушінің еңбек және демалыс режимін сақтауы және медициналық тексеруден өтуге міндетті.

Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев:  

Күнделікті рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық тексеруден өтуге, автокөлікті күнделікті техникалық байқаудан өткізуге, сол жақтан басқаратын техникалық жарамды автокөліктерді пайдалануға, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтауға міндетті болады.

Комитет өкілінің айтуынша, қазір интернет-агрегаторлар қосымшаларының жұмысын пысықтап жатыр. Өйткені, жүргізушіні тіркеп, талапқа сәйкестігін нақтылайтын өздері. Тапсырысты да солар үлестіреді. Сондықтан талаптардың орындалған, орындалмағанына көз жеткізулері шарт.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар