Қазақстандық продюсердің қызы, YouTube-шоу жүргізушісі және кәсіпкер Айсәуле Бақытбек-Қайдарова төртінші бала туралы ойлана бастағанын айтты, деп хабарлайды Alash.kz Liter.kz сайтына сілтеме жасап.
“Келесі жылы тағы бір бала туу әбден мүмкін екенін енді ғана ойладым. Мен есімнен адасайын дедім. Ойымды тоқтатыңыздаршы,” – деп жазды Айсәуле Бақытбек Instagram парақшасында, жазбасын күліп тұрған эмодзилермен толықтырып.
Айсәуле Бақытбек онколог дәрігер Диляра Қайдарованың ұлы Әлішер Қайдаровпен некеде тұрып, үш қыз тәрбиелеп отыр: Сәфи мен Сәтті есімді қыздары бар. Ал үшінші қызының есімі әзірге жарияланған жоқ. Белгілісі – ол ағымдағы жылдың қараша айының соңында дүниеге келген.
Айта кетейік, блогер әрдайым үлкен әрі тату отбасы туралы арманын жасырмаған. Айсәуле бірнеше рет үш баламен шектелмейтінін айтқан еді.