Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жамбыл облысында 13 жастағы қызды екі ағасы алты жылдан бері зорлап келген

10:02, 01 қараша 2024 466

Аталған жағдайға Жамбыл облысының полиция департаменті түсініктеме берді, деп жазады Alash.KZ.

"ҚР Қылмыстық кодексінің "Жас баланы зорлау” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа қатысы бар екі күдікті анықталды. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері жедел түрде бір күдіктіні құрықтап, қамауға алды", – делінген ведомство хабарламасында.
Екінші күдіктіге іздеу жарияланды, оны ұстау үшін барлық қажетті шаралар қолданылуда.

Сондай-ақ балалар омбудсмені Динара Зәкиева жағдайдың мән-жайын айтты.
“Полиция басқармасымен бірге 6 жыл бойы екі ағасынан зорлық көрген 13 жастағы қыздың ісімен айналысып жатырмыз. Қылмыстық іс қозғалып, қыз бен оның анасы қауіпсіз жерге жеткізіліп, барлық қажетті көмек көрсетілуде. Қыз мектеп психологы жүргізген сауалнамада белгі берген. Бірақ тиісті жұмыс жүргізілмеді. Мен немқұрайлылық танытқан шенеуніктерді жауапқа тарту үшін прокуратураға хабарластым", – деді Динара Зәкиева.
13 жастағы қарындасын зорлады деп айыпталған екінші адам ұсталды. 

Күдікті Шу ауданынан 60 шақырым жердегі шаруа қожалығынан ұсталған. Полиция мәліметінше, бұл қылмысы үшін ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар