Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жамбыл облысында құны 1 млрд теңгенің темекі өнімдерін өткізбек болғандар ұсталды

16:47, 27 наурыз 2024 415

ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан-Қырғыз шекарасында контрабандалық жүкті тасымалдауға тосқауыл болды.

«2024 жылғы 23 наурызда «Айша бибі» автомобиль өткізу пунктінде ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаменті алдын ала бағалау құны 1 млрд теңгеден асатын темекі өнімдерінің ірі партиясын анықтады», - делінген ҰҚК хабарламасында.

Аталған тауар азық-түлік түрінде тасымалданып, ілеспе құжаттары болмаған.

Ұсталған жүк тергелуі бойынша әрі қарай іс жүргізу үшін Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар