Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелері жаңа Конституция жобасының жалпыұлттық референдумға шығаруға дайын екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.
Комиссия өкілдерінің түсіндіруінше, аталған құжат азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін нығайтуға, сот арқылы өзін қорғау мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар жаңа жобада адам мүддесі мемлекеттік басқару жүйесінің негізгі қағидаты ретінде айқындалады.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев бұл реформа құқықтық айқындықты қамтамасыз етіп, негізсіз шешімдер қабылдаудың алдын алуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Мәжіліс депутаты Снежанна Имашеваның пікірінше, жобадағы жаңа нормалар мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін нақты белгілеп, өтпелі кезең процестерінің ашықтығын қамтамасыз етеді.
Өз кезегінде саясаттанушы Марат Шибутов кейбір баптар бойынша өңдеу жұмыстары жүріп жатқанына қарамастан, құжаттың қазіргі нұсқасын референдумға ұсынуға толық негіз бар екенін жеткізді. Қазіргі уақытта жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері қоғамдық талқылау мен келесі кезеңдерге дайын.