Белгілі қазақстандық журналист Анна Данченко анасының өмірден өткенін хабарлады, деп хабарлайды Alash.kz.
Танымал тележүргізуші қаралы хабарды өзінің Instagram парақшасында бөлісіп, ең жақын адамымен қоштасу жазбасын жариялады. Ауыр қайғыны бастан кешіріп жатқан ол өмірінің бос қалып, жалғыз қалғанын күйзеліспен жеткізді.
«Мамаааааа… Сен жай ғана ұйықтап жатырсың, иә? Мамааа! Сен мені жалғыз қалдырып кеттің. Жалғыз… Бұл пәтерде сенсіз қараңғы екен. Білемін, сен әкемді қатты сағындың, ал мені ше? Жанымаууу, Мама, неге? Маған ауыр тиді, Мамааааааа!» — деп жазды Анна Данченко.
Айта кету керек, журналист бұған дейін де әлеуметтік желіде анасының денсаулығы сыр беріп, ауыр халде жатқанын айтып, оқырмандарынан дұға тілеуді сұраған болатын.