Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жалғыз алтынды жақыннан көрдік: Мұхамеджан Тазабек Елдос Сметовпен кездесті

10:46, 15 тамыз 2024 289

Мұхамеджан Тазабек инстаграм әлеуметтік желісінде олимпиада чемпионы Елдос Сметовтың алған алтын медалін таққан фотосын жариялады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Ол "Жалғыз алтынды жақыннан көрдік..." деп жазды.

Естеріңізде болса, Мұхамеджан Тазабек Олимпиада чемпионы атанған Елдос Сметовті жеңісімен құттықтаған еді.

"Қоласын қолға ұстап, күмісін де кеудеге тағып көрген ек. Алтының елдің жүзін жарқын қылды. Бәрекелді! Бақтыбай аға, Тоқтагүл тәте, ата-ананың ақ батасына жетер не бар, шіркін?! Ғалымжан аға, ұстаздын арманы - шәкірттің озғаны! Алла қолдаған ұлға адам қарсы тұра алмайды. Елдің батасы - ердің жеңісі! Макронды мұңайтып, Тоқаевті қуантқан кеш! Отбасың - алтын тұғырың! Алтын жиендерім! Жақсылық ағам көрсем деп, аңсап кеткен жеңіс қой, бұл",- деп жазды Мұхамеджан Тазабек өзінің Instagram парақшасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?