Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Есімханов Серік Сәпиевпен болған даулы жағдайға қатысты пікір білдіріп, желідегі парақшасында жазба қалдырды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер мен БАҚ-та шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат тарап жатыр. Арандатуға ермей, жағдайды ушықтыруға бағытталған әрекеттерге жол бермеуді сұраймын», – деп жазды Дәурен Есімханов.